ШТАБ – заманауи мамандықтар орталығының идеологиясы:

ШТАБ – нарықтың сұранысына ие қазақ және орыс тілінде заманауи мамандықтарды меңгеруге көмектесетін, шексіз табыс пен дамушы ортамен қамтамасыз ететін орталық.

ШТАБ-тың миссиясы – саналы, серіктестері мен әріптестерінің алдында жауапкершілікті сезінетін, сапалы қызмет көрсететін және жақсы табыс табуға дайын, әрдайым өзгеріс пен өсу жолында жүретін мамандарды дайындап шығару арқылы халықтың мүліктік және менталды жағдайының жақсаруына, ел экономикасының дамуына үлес қосу.

Идеология ШТАБ-тың 7 қағидасына негізделеді.

ШТАБ-тың 7 қағидасы:

  1. Әрекет НӘТИЖЕге апаруы керек. Іске кіріспес бұрын өзіңе «не үшін?», «қандай мақсатта?» деген сұрақты қой;
  2. Заманауи мамандар жүйелі жұмыс істейді. Статистикамен, тайм-менеджментпен, технологиямен дос;
  3. Қазіргі заманның ең құнды ресурсы – АДАМ және оның қабілеттері. Сондықтан әрдайым қабілетті дамытып, жаңа дағдыларды игеру маңызды;
  4. Адамның күні адаммен. ШТАБ командасы мен тәлімгерлері өз клиенттерін, әріптестері мен айналасындағы адамдарын алдамайды. ШТАБ-тың және өзінің өмірлік миссиясы мен қағидаларына сай қызметін адал атқарады.
  5. Кең болсаң, кем болмайсың. Біз бөлісу заңдылығын ұстанамыз. Білімді, тәжірибені, жаңа әдіс-тәсілді, құралды әркез бөлісуге дайынбыз.
  6. Орта маңызды. Айнала біздің айнамыз болғандықтан дамушы, ізденімпаз және бастамашыл адамдармен ортаны толтырамыз.
  7. Көңіл тоқтығы – бұл жан тыныштығы. Әлемнің бар ақшасын қалтасына басқан емес, өзін тауып, сүйікті ісімен айналысып, қоғамға пайдасын тигізетін жан бақытты. Пайда табуды ғана емес, пайдалы болуды мақсат ет.